20:18, 31 Мамыр 2010 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрі Халықаралық валюта қорының миссиясымен кездесті
СТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері директорының орынбасары Дэвид Оуэн бастаған қор миссиясымен кездесті, оның барысында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының бірқатар мәселелері талқыланды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.