ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Татарстан Республикасының Премьер-Министрі Рустам Минихановпен кездесті

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 26-сы. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Татарстан Республикасының Премьер-Министрі Рустам Минихановпен кездесті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі елдің арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың даму болашағы мен ағымдағы жай-күйі талқыланды.

Р. Миниханов өзінің обьектілер құрылысына инвестиция салу мүмкіндігін зерттеу мақсатында Алматы облысындағы «Қорғас» шекаралық ынтымақтастығы халықаралық орталығы аумағына жасаған сапары туралы айтып берді.

Тараптар Қазақстан мен Татарстанның экономикалық потенциалын іске асыру керектігін тілге тиек етіп, 2010 жылдан басталатын Кедендік Одақ аясында екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың өзектілігін атап өтті.

Кездесудің соңында К.Мәсімов пен Р. Миниханов екіжақты ынтымақтастықтың табысты болатынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар