ҚР Премьер-Министрі: Қазақстан әрқашан да экономикалық ынтымақтастық үшін ашық

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан әрқашан да экономикалық ынтымақтастық үшін ашық. Бұл туралы елордада АЭФ аясындағы Көшбасшылар диалогында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мәлім етті.
None
None

«Біз бизнесті жүргізу үшін ең қолайлы жағдайды құруға ұмтылудамыз. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша Қазақстан 2012 жылы «Doing Business» рейтингісі индикаторында 49-шы орында тұғырланды. Соңғы 20 жылда елге 170 миллиард. доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды. Қазақстанда өзінің бизнесін жүргізуге ниеттілердің барлығын шақырамыз»,-деді Үкімет басшысы.

Осы орайда С. Ахметов Еуропа пен Азияның түйісінде орналасқан Қазақстанда барлық мемлекеттер мен континенттер арасында көліктік-коммуникациялық байланыстырда нығайту үшін айтарлықтай жоғары мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.

«Ол үшін елімізде қажетті көліктік -транзиттік магистраль құрылуда. Сонымен қатар Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Бірыңғай экономикалық кеңістікті құруы инвестициялар үшін үлкен әлеуетті ашып отыр. Бұл 170 млн. адамнан құралған көлемді нарық»,-деді ол.

Сөз соңында Премьер-Министр баламалы энергия көздерін дамытуға ерекше назар аударылып отырғандығын айта келе, инвесторларды осы салада ынтымақтасуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар