ҚР Премьер-Министрі Марокко Парламенті Кеңесшілері палатасының басшысы М. Биядилламен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Марокко Королдігі Парламенті Кеңесшілері палатасының төрағасы Мұхаммад Аш-Шейх Биядилламен кездесті, деп жазады primeminister.kz сайты.
None
None

Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, мұнай-газ секторы, ауыл шаруашылығы, экономиканың өзге де салаларындағы екі жақты өзара іс-қимылдың қазіргі жайы мен болашағы талқыланды.

Тараптар Қазақстан-Марокко іскерлік өзара қарым-қатынасты жандандырып, екі жақты байланысты одан әрі тереңдете түсу қажеттігіне тоқталды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум