ҚР Премьер-Министрі мен Қырғызстан Президенті инвестициялық ынтымақтастықтың жай-күйі және оны әрі қарай дамыту мәселелерін талқылады

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен.

ҚР Премьер-Министрі мен Қырғызстан Президенті инвестициялық ынтымақтастықтың жай-күйі және оны әрі қарай дамыту мәселелерін талқылады

Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жай-күйі және оны әрі қарай дамыту мәселелерін талқылады.

«ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қырғызстанға сапарынан кейін біздің елдеріміздің арасындағы екіжақты қарым-қатынастар жаңа сапалы деңгейге көтерілді. Қырғызстан Қазақстанмен ынтымақтастықты алдағы уақытта да дамытып, нығайта береді. Біз сіздің елдің көрсетіп отырған қолдауын өте жоғары бағалаймыз», деді кездесу барысында А.Атамбаев.

Өз кезегінде С.Ахметов екіжақты байланыстарды тұрақты әрі қарқынды дамыту қажеттілігіне сенім білдірді. «Қазақстан Қырғызстанмен сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және кеңейтуге мүдделі»,-деп мәлімдеді Қазақстан Үкіметінің басшысы.