ҚР Премьер-Министрі мен РФ Федералдық қызметінің төрағасы есірткі ағынымен күрес ауқымында Кедендік одақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады
АНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов РФ Есірткі айналымын бақылау жөніндегі Федералдық қызметінің төрағасы Виктор Ивановпен кездесті, деп хабарланды www.facebook.com:80/KMassimov сайтында.
Кездесу барысында халықаралық есірткі қылмысымен күрес, халықаралық есірткі топтарының Қазақстан аумағын Ресей және Еуропа елдеріне есірткі тасымалы үшін пайдалануына жол бермеу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, есірткі тасымалымен күрес аясында шекаралас ынтымақтастықты қарқынды дамытуды көздейтін Кеден одағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Толығырақ http://pm.kz , сондай-ақ http://vkontakte.ru/kmassimov сайттарын қарауға болады.