ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мемлекеттік қызметкерлер тобына мемлекеттік наградалар және мақтау грамоталарын тапсырды
АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Мемлекет басшысының Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтқаны үшін марапатталған мемлекеттік қызметкерлер тобына мемлекеттік наградалар және мақтау грамоталарын тапсырды.
Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарланды.
Серік Ахметов «Парасат» орденін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы Ерлан Қошановқа, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Нұрлан Сауранбаевқа тапсырды.
«Құрмет» орденімен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары Біржан Нұрымбетов, ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов, ҚР ПМК Индустриалдық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі Ренат Айтаев наградталды.
ҚР ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы Марат Қожаев II дәрежелі «Айбын» орденін омырауына тақты.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаев, ҚР ӨДМ Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрағасы Ғалия Жолдыбаева және басқа мемлекеттік қызметкерлер марапатталды.
Сондай-ақ ҚР ПМК жауапты қызметкерлер тобына ҚР Мақтау грамоталары мен ҚР Премьер-Министрінің Алғыс хаттары табыс етілді.