16:10, 04 Желтоқсан 2012 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрі ШЫҰ елдері үкіметтерінің кеңесі отырысының жұмысына қатысу үшін Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен жүріп кетті
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ШЫҰ елдері үкіметтерінің кеңесі отырысының жұмысына қатысу үшін Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен жүріп кетті.

Оның баспасөз қызметінен хабарлағандай, сапар аясында Қырғызстан Президенті А.Атамбаевпен, ҚР Премьер-Министрі Ж.Сатыбалдиевпен және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері В.Цзябаомен екіжақты кездесулер жоспарланған.