ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Әсет Исекешев «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында болды

ҚОРҒАС. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Алматы облысының Панфилов ауданындағы «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының бақылау-өткізу бекетінің жаңа ғимаратында болды.
None
None

Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы ек мемлекет - Қазақстан мен Қытай басшыларының бастамасы бойынша жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардың бірі.

Жоба Қазақстан мен Қытайдың шекаралық сауданы, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақтастығын, екі елдің көліктік әлеуетін дамытуға бағытталған. Орталықтың жалпы ауданы 528 гектарды құрайды.

«Қорғас» ХШЫО-ында республикалық бюджет қаражаттары есебінен 65 млрд. теңгеге 110 нысан салу жоспарлануда, бүгнгі таңда мұнда 30 млрд.теңгеге жуық қаржы игерілді.

Соңғы жаңалықтар