ҚР Президенті БРИКС-тің XVI саммиті өтіп жатқан «Қазан Экспо» халықаралық көрме орталығына барды

ҚАЗАН. KAZINFORM - Мемлекет басшысы БРИКС-тің XVI саммиті өтіп жатқан «Қазан Экспо» халықаралық көрме орталығына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев-Путин
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.

Kassym-Jomart Tokayev arrives at BRICS leaders meeting
Photo credit: Akorda

Осыған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жұмыс сапарымен барғанын жаздық.

БАҚ
Фото: Ақорда

Сапар аясында Қазақстан Президенті екіжақты кездесулер өткізіп, БРИКС-тің «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырысында сөз сөйлейді.

 

Соңғы жаңалықтар