ҚР Президенті «100 қадам» Ұлт жоспарын әлемдік бағдарлама деп атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын әлемдік бағдарлама деп атады.

ҚР Президенті «100 қадам» Ұлт жоспарын әлемдік бағдарлама деп атады

Астана экономикалық форумының жалпы отырысында Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы туралы баяндап берді.

«Бұл бағдарлама сіздердің құзырларыңызға берілді. Шегінерге жер жоқ. Ендігі жерде бұл әлемдік бағдарлама болады. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы барлықтарыңыз жақсы білесіздер, сондықтан енді біздің қадамдарымыздың қандай болатынын біліп отырасыздар. Біз бұл жолдағы барлық қиындықты жақсы білеміз және осы сынақтардан сүрінбей өтіп, экономиканың даму қарқынын бәсеңдетпеуге тырысамыз», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, «100 нақты қадам» - бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары.