ҚР Президенті: Әлемдік саясатта Ресейдің рөлі айрықша

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында Ресейдің әлемдік саясаттағы айрықша рөлін атап өтті.
None
None

«Ресейдің әлемдегі алар орны ерекше, онымен санасу керек. Бұл өмір шынайлығы, мұны әлем қалыпты қабылдауы тиіс. Екінші жағынан, Ресейдің өзі де әлемдік держава ретінде бұған сәйкес келуі керек. Ел газ бен мұнайға бай болған соң ұлы державаға айнала алмайды, әйтпесе Сауд Арабиясы да өзін ұлы держава деп санар еді, мемлекет әлемдік істерге атсалысқан соң сондай ел болады. Ол үшін әлемде болып жатқан мәселелерді шешуге, бүкіл жер бетінде бейбітшіліктің орнауына үлесін қосуы тиіс», - деді Н.Назарбаев.

Қазақстан Президенті Ресейдің әлемдік саясаттағы айрықша рөлін атап өтті. «Бұл тұрғыда Ресейдің рөлі баға жетпес және оны әлем елдері түсінуі керек. Осы дағдарыстан Ресей тезірек шығуға ниетті және мен де оған тілектеспін», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Еуразия құрылығындағы сан түрлі елдерді біріктіретін экономикалық жобалар экономикалық тұрақтылыққа қалай әкеледі деген сауалға орай Н.Назарбаев экономика қашанда бейбітшілікке бастайтынын айтты. «Экономика әрқашан да бейбітшілікке алып келеді. Егер мемлекет көршілес елдермен сауда-саттықты жүргізіп, үлкен тауар айналымға қол жеткізсе, бұл тұрғыда осы үдерістегі елдер көршісінің жағдайы жақсы болғанын қалайды. Және керісінше, сол көршілес ел бізде бәрі жақсы болғанын қалайды. Экономика елдерді біріктіреді», - деді Н. Назарбаев. «Біз Украинадан байқап отырған жағдай - бұл нонсенс. Болмауы тиіс жағдай орын алды. Мен бұл жағдайдан өтуіміз керек деп санаймын. Мұны неғұрлым тезірек шешсек, соғұрлым жақсы болады», - деді Елбасы. Қазақстан Президенті Украинаның орын алған дағдарыстан шығатынына сенім білдірді. «Украина - біздің досымыз, біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Біз бұл ел үшін қандай кеңістік болсақ, Украина да біз үшін сондай кеңістік. Мұны біз түсінуге тиіспіз. Бәрі орнына келеді. Барлық тараптарды бұл проблеманы шешуде уағдаластыққа келіп, халықтарымыздың игілігі үшін ары қарай жылжуға шақырамын»», - деп түйіндеді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар