15:30, 28 Маусым 2012 | GMT +5
ҚР Президенті халыққа кепілді көлемде тегін медициналық көмек көрсетуді дер кезінде қамтамасыз етуге бағытталған Заңға қол қойды
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, Заң ел халқына кепілді көлемде тегін медициналық көмек көрсетуді дер кезінде қамтамасыз етуге бағытталған.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.