Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Президенті мен Бахрейн Королі екі ел ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Бахрейн Королі шейх Хамад бен Иса Әл Халифамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

ҚР Президенті мен Бахрейн Королі екі ел ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады

Бахрейн Королі шейх Хамад бен Иса Әл Халифа Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және Мемлекет басшысы лауазымына кірісуімен құттықтап, бұл Қазақстан халқының жоғары сенімі мен қолдауының айқын айғағы екенін атап өтті.

Шейх Хамад бен Иса Әл Халифа сенімді диалогты және екіжақты ынтымақтастықтың барлық мәселелері бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін айтты.

Әңгіме барысында екі мемлекеттің көшбасшылары Қазақстан-Бахрейн ынтымақтастығының басымдығы бар бағыттарын талқылады, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ықпалдастықты жандандыру жолдарын белгіледі.

Телефон арқылы сөйлесуге бахрейн жағы бастамашылық етті.