ҚР Президенті Н. Назарбаев ЕурАзЭҚ аясында бірегей валюта енгізуді ұсынды

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін «Еуразияның жаһандық қатерлер жүйесіндегі экономикалық қауіпсіздігі» атты Астаналық ІІ Экономикалық форумды ашып, сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕурАзЭҚ аясында бірегей валюта енгізуді ұсынды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Әлемде өңірлік, мемлекетаралық есептесу бірліктерін дайындау үдерісі бірнеше онжылдықтар бойы жалғасып келеді. Бұндағы алғашқы қарлығаш «еуро» болды. Біз бұған ұқсас үдерістердің Азияның барлық жерлерінде жүргізіліп жатқанын байқаймыз. Парсы шығанағында, Латын Америкасында, Оңтүстік Шығыс Азияда, осындай үдерістер байқалады. Қазіргі күні Қазақстан да өзінің өңірлік, құрлықаралық ықпалдастықтағы әріптестерімен бірге өңірлік, ықпалдастық бірлестіктер құру арнасына жұмыс істеуде», - деді Мемлекет басшысы. Сонымен бірге, Н. Назарбаев бүгінгі күні ЕурАзЭҚ мемлекеттерінің дағдарыс құбылыстарын, ауыртпашылықтарын төмендете алатын мүмкіндіктерінің бар екендігін атап өтті. «Ішкі ықпалдастық бірлікте өзіндік, бірегей, мемлекетаралық, қолма-қолсыз, есептесу-төлеу бірлігін енгізуге де болады. Бұның бағыты әлемдік валютаның шайқалуына тәуелді болмауы тиіс. Жаңа валюталық жүйе қазір қалыптасып қойған валюталық жүйені күйретпей-ақ тұрақты, ұзақмерзімді инфрақұрылымды жүргізуге, инвестициялауға, ағымдағы транзакцияларды жедел жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл жүйе мемлекетаралық субъектілер арасында қолма-қол ақшасыз транзакцияны қамтамасыз етіп, заңды және жеке тұлғалар үшін ЕурАзЭҚ-тің ішкі және сыртқы қызметінде пайдалануы тиіс. Және бұл жүйе ЕурАзЭҚ мемлекеттеріне және әлемдік қауымдастық мүддесіне икемделуі тиіс», - деді Н. Назарбаев. Мемлекет басшысы сондай-ақ бұндай мемлекетаралық, электронды есептеу бірлігінің атауына мысалдар келтіре отырып, оны «ЕурАз» немесе «ЕурАзия» деп атауға болатынын да атап өтті. «Бұл мақсатта арнайы жұмыс тобын құру қажет. Біз осындай топты Қазақстанда қабылдауға, олардың жемісті жұмыс істеуіне жағдай жасауға әзірміз», - деді Н. Назарбаев.
Соңғы жаңалықтар