Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шолпанатада өткен Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми басқосуына қатысты

sp;        АСТАНА. Тамыздың 1-і. ҚазАқпарат. Шілденің 31-де Ыстықкөл жағалауында ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттер басшыларының бейресми басқосуы өтті.

         ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шолпанатада өткен Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми басқосуына қатысты

 Бұл Армения, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан басшыларының Қырғызстандағы президенттік сайлаудан кейінгі алғашқы кездесуі, сондықтан әріптестер алдымен Құрманбек Бакиевты Қырғыз Республикасының Президенті болып қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлады ҚазАқпаратқа Елбасының баспасөз қызметінен.

         Мемлекет басшыларының басқосуы барысында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы Николай Бордюжаның  ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттердің ақпараттық саясатын үйлестіруді қалыптастыру жөніндегі практикалық шаралар мен амалдары туралы баяндамасын тыңдады, жақында құрылған Ұжымдық Күштердің жедел реттеу қызметінің мәселелерін жан-жақты талқылады.

         Мемлекет басшылары Ыстықкөл  жағалауында «Одақ» атты ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттердің әскери-спорттық бірлестіктері мен жастардың патриоттық Халықаралық жиынын жыл сайын өткізу үшін пайдалануға болатын  ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттердің тұрақты қолданыстағы спорттық- сауықтыру базасының құрылысын салу мүмкіндігін қарастырды.

         Сондай-ақ халықаралық көкейкесті мәселелер бойынша, соның ішінде жаһандық экономикалық дағдарыстың әсерін еңсеруді үйлестіруге күш салу, халықаралық және өңіраралық қауіпсіздік архитектурасын жетілдіру, Ауғанстандағы жағдай жөнінде тиімді пікірлер алмасты.