ҚР Президенті сайлауын ТМД-дан 300-ден астау байқаушы бақылайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті сайлауын ТМД-дан 300-ден астау байқаушы бақылайды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ТМД байқаушылары миссиясы штабының жетекшісі Евгений Слобода мәлім етті.
None
None

«Осы сәттен бастап ТМД байқаушылары миссиясы 26 сәуірде өтетін сайлауға мониторинг жүргізуге кірісті деп есептей беріңіздер, шақырту алған сәттен бастап біз ТМД-дан байқаушылар миссиясын жасақтауға кірістік. Біз ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге комиссия құрамына өз өкілдерін жіберу туралы өтініш-хат жолдадық. Сонымен қатар ТМД-ның Парламентаралық Ассамблеясына, Ресей мен Беларусьтың парламенттік жиналысына ТМД миссиясы құрамында өз байқаушыларын жіберу туралы өтініш жасадық», - деді ол. Е.Слободаның атап өтуінше, қазіргі уақытта ТМД мемлекеттерінен байқаушы ретінде аккредиттеуге жіберуге 200-ге жуық құжат дайын. Бүгінде Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь елдерінің өкілдері Қазақстандағы президенттік сайлауға байқаушы ретінде қатысуға ниетті екендігін білдірген. Жалпы, ТМД-ға мүше барлық мемлекеттен байқаушы келмек.«Біз мониторинг кезеңінде бірқатар өңірлерде болып, кандидаттардың сайлауалды штабының жұмысымен таныспақпыз. Алдын ала мәліметтерімізге сәйкес, Қазақстанның барлық өңірлері байқаумен қамтылатын болады. Біз ТМД байқаушылары миссиясынан 300-ден астам өкіл болатындығын жоспарлаудамыз», - деді штаб жетекшісі.

Соңғы жаңалықтар