ҚР Президенті: Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біз кеше ғана аспаннан аяғымыз салбырап түскен халық емеспіз, деді Мемлекет басшысы еліміздің телеарналары журналистеріне берген сұхбатында.
None
None

«Біздің сан ғасырлық тарихымыз бар. Оның ізі бүкіл Қазақстанның жерінде сайрап жатыр. Жайық бойында, Ұлытау маңында, Түркістан төрінде қаншама хандарымыз бен сұлтандарымыздың, ата-бабаларымыздың мәйіттері жатыр. Біз соның бәрін кезінде оқымадық, білмедік. Тарихымыз Кеңес одағымен басталады деп келдік. Енді егемендігімізді алып, есімізді жинадық, тарихымызды түгендейтін кез жетті. Соны біз Қазақ хандығының 550 жылдығынан бастайық деп отырмыз», - деді Н. Назарбаев.

Оның пікірінше, келешек ұрпақ аяғында нық тұруы үшін, «бұл елдің, бұл жердің аналарымыздың көз жасы арқылы, аталарымыздың қасықтай қаны мен маңдай тері арқылы келгенін білуі тиіс».

«Қазақ жерінің қай түкпіріне барсаң да, тілінде бір диалект жоқ, салтында бір айырмашылық жоқ. Баланы әлдилеуінде де өзгешелік жоқ, тойында да ерекшелік жоқ. Қазақ ешқашан бөлінген емес. Қазақтың барлық тарихы - бірігу, бірге болу. Үш жүздің баласы жиналып, әскер құрып, соғысқа шыққан кезде, ешбір жау төтеп бере алған жоқ. Бізді бөліп-жарып қана жеңе алған. Осыны есте сақтау керек. Алланың берген, ата-бабамыздың тілегімен келген Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін қазақ өз ішіндегі алауыздықтан құтылу керек. Түбінде ол бізге қауіп төндіруі мүмкін. Біздің ата-бабамыз берген осынау кең-байтақ жерін, мемлекеттілігін қолымыздан шығарып алу - өмір бақи күнә болып саналады. «Төртеу түгел болса, төбедегіні алады. Алтау ала болса, ауыздағыдан айырылады» деген қазақтың сөзі бар», - деп түйді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар