ҚР Президенті түркі әлемін одан ары интеграциялау бағдарламасын әзірлеуді ұсынды

БОДРУМ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті түркі әлемін одан ары интеграциялау бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.
None
None

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мұндай ұсынысты Түркияның Бодрум қаласында өтіп жатқан Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің төртінші саммитінде жасады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі Серік Сабеков.

«Жастарымызды университеттерімізде оқытып, бір-біріне жақындату керек. Мақсат: Түркі кеңесі, ТҮРКСОЙ-да жұмыс істейтін тілдерді, елдердегі жағдайды жақсы білетін мамандар даярлау», - деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Түркі академиясына түркі дүниесінің интеграциясы қандай болатынына бағдарлама жасап, талқылауға ұсыну туралы тапсырма беру қажеттігін баса айтты.

Соңғы жаңалықтар