Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Президенті Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің екінші Саммитіне қатысады

АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - 23 тамыз күні Бішкекте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің екінші Саммитінің жұмысына қатысады.

ҚР Президенті  Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің екінші Саммитіне қатысады

Бұл туралы бүгін ҚР СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында аталмыш ведомствоның баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлімдеді.

Оның айтуынша, түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің екінші Саммиті «Білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында өтетін болады. Саммит қорытындысы бойынша Бішкек Декларациясына қол қойылады деп күтілуде.

«Өздеріңізге белгілі, «Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесін құру туралы» келісімге 2009 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен қол қойылған болатын», - деп атап өтті І. Омаров.

Құрамына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия кіретін аталмыш ұйымның негізгі мақсаты мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін ашу және олардың халықтарымен бірлесе отырып, түркі әлемінің мәдени-тарихи мұрасын насихаттауға бағытталған іс-қимылдарды жүзеге асыру болып табылады.