Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Президентінің беделі қақтығысушы тараптарды келіссөздер алаңына жинауға мүмкіндік береді - Равиль Гайнутдин

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың беделі қақтығысқа ұшыраған тараптарды келіссөздер алаңына жинауға мүмкіндік береді.

ҚР Президентінің беделі қақтығысушы тараптарды келіссөздер алаңына жинауға мүмкіндік береді - Равиль Гайнутдин

Бұл туралы бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінен кейін «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында РФ Мұсылмандары рухани басқармасының төрағасы, мүфти Равиль Гайнутдин мәлім етті.

«Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ымыраға келе алмай жүргендерді бір үстелге отырғызу үшін осы керемет диалог алаңын Астанада құру арқылы өте парасатты істі жүзеге асырды. Бұл жерде барлық әлемдік діндердің көшбасшылары бас қосып, барша әлемді алаңдатып отырған өзекті жаһандық мәселелерді талқылап жатыр. Ең маңыздысы - бұл мәселелер осында түсіністікпен әрі байыппен қарастырылуда», - деді Р. Гайнутдин.

«Атап айтқанда, әлемдегі беделінің арқасында Нұрсұлтан Әбішұлы даулы мәселелер бойынша ымыраға келу жолдарын талқылау үшін және бейбітшілік пен келісім жолын таңдау тұрғысында бір үстелге тараптарды жинай алады. Сондықтан да құрметті Президент Назарбаев - оппозицияны және билік өкілдерін, сондай-ақ қақтығыс айналасындағы өзге де тараптарды шақырып, сындарды келіссөздерді жүргізуге қауқарлы тұлға», - деп түйіндеді сұхбатында РФ Мұсылмандары рухани басқармасының төрағасы.