ҚР Президентінің зейнетақы жүйесін жаңғырту туралы заң жобасын қайта пысықтауға қайтаруы халыққа қызмет етуінің кезекті көрінісі болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 11 маусым. ҚазАқпарат -Үкімет пен Ұлттық банктің бастамасымен зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша жаңа заң жобасының қаралуы соңғы уақытта қоғамда кең талқыланып жатқан және резонанс тудырған тақырыптардың біріне айналды,

ҚР Президентінің зейнетақы жүйесін жаңғырту туралы заң жобасын қайта пысықтауға қайтаруы халыққа қызмет етуінің кезекті көрінісі болды

дейді темір жол саласына еңбегі сіңген жұмысшы, Алматы облысы Көксу ауданының тұрғыны Нина Дубовик.

«Өткен аптада заң жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қарауына жолданып, Елбасы оны жалпы қолдады. Бірақ Ұлт көшбасшысы Қазақстан халқына үндеуінде зейнетақы жүйесін реформалаудың көптеген аспектілері әлі де дұрыс ойластырылмағанын атап өтті. Үндеудің қорытындысы заң жобасының Парламентке анағұрлым тереңірек қаралуға қайтарылуы болды. Меніңше, Президенттің бұл шешімін көпшілік асыға күтті. Себебі зейнетақы жүйесінің дамуына біздің болашағымыз, қарттықты қандай көңіл-күймен қарсы алатынымыз байланысты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл қадамы халыққа қызмет етудің, өз отандастарына қамқорлық көрсетудің кезекті көрінісі болды»», - деп атап өтті Нина Дубовик.