Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Сенатының Төрағасы Түркия Президентімен кездесті

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат. Ыстамбұлдағы Өркениеттер альянсінің екінші жиыны жұмысының соңында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлмен кездесті,

ҚР Сенатының Төрағасы Түркия Президентімен кездесті
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.А.Гүл екі елдің екіжақты қарым-қатынастарының даму деңгейіне қанағаттанатындығын жеткізе отырып Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ізгі тілектестігін білдірді және үстіміздегі жылдың қыркүйегінде Елбасының Түркияға жоспарланған сапарын тағатсыздана күтетінін хабарлады.«Қазір үкіметтер алдында тауар айналымын екі есе ұлғайту және оны 5 миллиард долларға дейін жеткізу міндеті тұр, бұл қол жететін меже», деді Түркия Президенті. Қазақстанның халықаралық бастамаларын жоғары бағалай отырып А.Гүл, Таулы Қарабақ қақтығысын шешу үшін Президент Н.Назарбаев өзінің халықаралық зор беделін пайдалануына ықыласты екенін білдірді.Осыған байланысты Төраға осы мәселені реттеуге бітімгер ретінде 1991 жылы Қазақстан іске кіріскен кезден бергі Президент Н.Назарбаевтың күш-жігері туралы түрік басшысын хабардар етті.