ҚР СІМ басшысы Қазақстаннның ШЫҰ ауқымындағы өзара іс-қимылының негізгі тұрғыларын баяндады

ҚР сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қазақстан ШЫҰ ауқымындағы өзара іс-қимылда саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне, сондай-ақ ШЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге баса назар аударып отырғанын атап өтті.
Бұл бағыттар бойынша өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету Ұйым мүше-мемлекеттерінің ғана емес, белгілі бір дәрежеде байқаушы елдер мен диалог бойынша әріптестердің де әлеуетін елеулі арттыра алады. Бұған қажетті заңнамалық база қазірдің өзінде жасалды.
Өз сөзінде Е.Ыдырысов «соңғы жылдары ШЫҰ аймақта ғана емес, сонымен қатар тұтастай алғанда, бүкіл әлемдегі неғұрлым беделді және серпінді дамып келе жатқан көпбейінді ынтымақтастық ұйымдарының біріне айналды», деп атап өтті.
«ШЫҰ-ның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын қабылдау біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты серпінді дамытуға қуатты күш береді. Онжылдыққа арналған бұл бағдарламалық құжатта саяси және экономикалық салаларда ғана емес, қазіргі қордаланып қалған өңірлік проблемаларды шешу жолдары, соның ішінде экологиялық қауіпсіздік және су дағдарысын болдырмау мәселелері де қамтылуы тиіс», - деп мәлімдеді ҚР СІМ басшысы.
Әріптестерінің назарын ШЫҰ аймағындағы трансшекаралық суды пайдалану мәселелеріне аудара отырып, Е. Ыдырысов «жақын көршілер болумен қатар және ортақ трансшекаралық су ресурстарына иелік ете отырып, мүше-мемлекеттер өзінің Ұйымын ақылға қонымды шешімдерді іздестіруде және сындарлы диалогта алаң ретінде пайдалануға құқылы», деп атап өтті. Сондай-ақ бұл орайда ШЫҰ хатшылығымен және Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қормен әріптестік қатынастар орнату перспективалы мәселе.
ҚР сыртқы істер министрі сондай-ақ Қазақстан ШЫҰ-ның басқа да өңірлік халықаралық ұйымдармен жән диалог алаңдарымен белсенді ынтымақтастығын жалғастыруды және байланыстар орнатуды жақтайтынын атап өтті. ШЫҰ-ның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесімен 2014 жылғы 20 мамырда меморандумға қол қоюы ынтымақтастықтың көптеген бағыттары бойынша байланыстарды дамытуға мүмкіндіктер ашады. ШЫҰ-ның Еуразиялық экономикалық комиссиямен жемісті ынтымақтасуының да әлеуеті зор.
Е.Ыдырысов Қазақстан 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өзінің кандидатурасын қолдау жағынан ШЫҰ-дағы әріптестеріне үміт артатынын мәлімдеді.
«Біздің кандидатура әділетті принциптерге сәйкес және географиялық тең ротация және Азияның. Азия-Тынық мұхит аймағының барлық мемлекеттерінің тиісті түрде болуы принциптеріне сәйкес ұсынылды. Қазақстан ШЫҰ-ға, ИЫҰ-ына, АӨСШК-ке, ТМД-ға, ҰҚШҰ-ға, ЕҚЫҰ-ға әртүрлі кезеңде төрағалық ету кезінде елеулі тәжірибе жинақтады және оны халықаралық қауіпсіздік мәселелерін шешуде қолдануға әзір», - деп атап өтті министр.
Өз сөінде Е.Ыдырысов Қазақстанның ШЫҰ-ны одан әрі кеңейту, экономикалық және транзиттік салалардағы ынтымақтастықтықты жүзеге асыру саласында келетін тұрғысы туралы баяндап, бұл орайда Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының осы жұмыстармен өзара байланысын атап өтті.
Министр сонымен қатар Президент Н.Ә.Назарбаевтың бес институциональдық реформаларын жүзеге асыру жолында Қазақстанда алдағы уақытта болатын ауқымды өзгерістерге де тоқталды. Министр сонымен қатар Ауғанстанды қалпына келтіру маңызына тоқталды, Таяу Шығыстағы «Ислам мемлекеті» тобының қызметі жандана түсуі сияқты оқиғаға біздің елдің елеулі алаңдаушылық білдіріп отырғанын айта келіп, бұл орайда радикалық экстремистік идеялардың таралуына жол бермеу қажеттігін атап көрсетті.