ҚР СІМ басшысы мен БАӘ энергетика министрі инвестициялық, сауда-экономикалық және саяси саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Біріккен Араб Әмірлігінің энергетика министрі Сухеил Мухаммед Альмазруиді қабылдады.

ҚР СІМ басшысы мен БАӘ энергетика министрі инвестициялық, сауда-экономикалық және саяси саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу аясында әңгімелесуші тараптар өзара мүдделі инвестициялық, сауда-экономикалық және саяси саладағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Біріккен қазақстан-эмираттық үкіметаралық комиссияның қызметі, сондай-ақ екі ел арасындағы СІМ-аралық саяси кеңесі ынтымақтастығының даму рөлі атап өтілді.

Бұған қоса, тараптар 2020 жылы ЭКСПО көрмесін өткізуге БАӘ-ның үміткерлігін және Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрммесіне байланысты дайындықтар мәселелерін талқылады.