ҚР СІМ басшысы Минскідегі лаңкестік кезінде қаза тапқандардың отбасыларына, туған-туыстарына көңіл айтты

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Минскідегі лаңкестік кезінде қаза тапқандардың отбасыларына, туған-туыстарына көңіл айтты,

ҚР СІМ басшысы Минскідегі лаңкестік кезінде қаза тапқандардың отбасыларына, туған-туыстарына көңіл айтты

деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Жеделхатта былай делінген:

Минск

Беларусь республикасының Сыртқы істер министрі

С.Н.Мартыновқа

2011 жылғы 12 сәуір

Қазақстан Октябрьская метросында болған лаңкестік әрекет кезінде адамдардың қаза тапқаны туралы хабарды күйзеле отыра естіді.

Осы лаңкестік әрекетті ұйымдастырушылар табылып, заң алдында жауап беретініне сенемін.

Қаза тапқандардың отбасыларына, туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Менің осы қолдау сөздерімді барлық зардап шеккендерге жеткізуіңізді сұраймын.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов