ҚР СІМ-де Қазақстандағы оралмандар, азаматтығы жоқ адамдар мен босқындар құқықтарының ахуалы туралы
АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия шығарған «Қазақстан Республикасындағы оралмандар, азаматтығы жоқ адамдар мен босқындар құқықтарының ахуалы туралы» арнайы баяндама таныстырылды.
Комиссия төрағасы, депутат Қуаныш Сұлтанов атап көрсеткендей, бұл құжат алғаш рет даярланып отыр. «Қазақстан Республикасындағы оралмандар, азаматтығы жоқ адамдар мен босқындар құқықтарының ахуалы туралы» баяндаманы біз бұрынғы кеңестік кеңістікте ғана емес, сондай Ислам ынтымақтастық ұйымы елдері ішінде алғашқылардың бірі болып қабылдап отырмыз. Ол арқылы еліміз оралмандар, азаматтығы жоқ адамдар мен босқындардың құқықтарын қорғау саласындағы отандық заңнаманы жетілдіре алады», - дейді Қ.Сұлтанов.
Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен таныстыру рәсіміне БҰҰ Орталық Азия бойынша Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссардың өкілдері, депутаттар, дипломаттар, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың сарапшы-мамандары қатысты.