ҚР СІМ Евгений Прудников қазасы жайында: Жүрегі тоқтап қалған

АСТАНА. ҚазАқпарат -   Қазақстан азаматы Евгений Прудников Одесса қаласында көз жұмды. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР СІМ Евгений Прудников қазасы жайында: Жүрегі тоқтап қалған

«1985 жылы дүниеге келген Қазақстан азаматы Евгений Прудников Одесса қаласында қайтыс болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жүрегі  тоқтап қалған. Кеше кешкісін Борисполь әуежайынан Киев-Алматы бағдарымен оның мүрдесі Қазақстанға жеткізілді», - деді ол.

Айта кетейік, Евгений Прудников Қарағанды медицина институтын балалар хирургі мамандығы бойынша бітірген. Ол IPF пауэрлифтингтен ҚР спорт шебері, бодибилдингтен Қазақстан құрамасының мүшесі болған. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанды.