ҚР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Қорғаныс министрінің көмекшілерін қабылдады

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов АҚШ-тың Қорғаныс министрінің көмекшілері Эндрю Веберді және Маделин Кридонды қабылдады.

ҚР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Қорғаныс министрінің көмекшілерін қабылдады

Кездесуден кейінгі брифингте Э. Вебер бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау тұрғысындағы еңбегі мен рөлін ерекше атап өтті.

Оның сөзіне қарағанда, министрмен арадағы болған келіссөздер барысында биылғы жылдың наурыз айында Сеулде өтетін ІІ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттің күн тәртібі талқыланды.

Сонымен қатар Саммитте Н. Назарбаев пен АҚШ Президенті Б. Обаманың жоғары деңгейдегі кездесуі алдындағы дайындық мәселесі сөз болды. «Біз екі елдің ынтымақтастығына өте разымыз. Және де бұдан ары қарай қарым-қатынасымызды нығайтуға ниеттіміз»,-деп атап өтті Э. Вебер.