ҚР Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысовтың Латын Америка елдеріне сапары аяқталды

БФР СІМ-де өткен келіссөздер аясында екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары жаһандық мәселелер жиынтығы мен екіжақты мәселелерді толыққанды талқылады. Л.Фигейреду мемлекеттердің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарының орнауының 20 жылдық қарсаңындағы Бразилия аймағына тарихта алғаш рет қазақстандық министрдің ресми сапарының маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан мен Бразилия арасындағы серіктестіктің тарихы бай. 2007 жылғы Елбасының Бразилия мемлекетіне жасаған сапары екі аймақтық көшбасшыларының қарым-қатынасын әріптестік деңгейіне жеткізді. БФР Президенті Л.И.Лула да Сильваның 2009 жылғы Қазақстанға сапары бұл әріптестікке түрткі болды. Бразилия аймақтың ірі экономикасы мен G-20 және БРИКС клубының мүшелері бола отырып, соңғы жылдары жаһандық деңгейде маңызды ойыншы болып табылады. Қазақстан бұл мемлекетпен ауыл шаруашылығы, машина құрастыру, түрлі саладағы жоғарғы технологиялар, азаматтық авиация мен энергия шығару өрісі секілді көптеген салаларда ынтымақтасуда. Қазіргі таңда қазақстандық әуе компаниялары сыйымдылығы 110 жолаушы ортамагистральды реактивті ұшақтар секторында көшбасшыларының бірі болып табылатын бразилиялық Эмбраер ұшағын иеленуде.
Итамарачидағы (БФР СІМ ғимараты) келіссөдер нәтижесінде екі елдің министрлері келесі құжаттарға қол қойды: екіжақты саяси, экономикалық, сауда және инвестициялық диалог жөнінде Меморандумға және спорт саласындағы ынтымақтастық Меморандумына, сонымен қатар жаһандық мәселелер сипатындағы екі елдің ұстанымы мен екіжақты мәселелер сұрақтары қамтылған Бірлескен мәлімдемені қабылдады.
Өзінің Бразилиа қаласына сапары аясында Е.Ыдырысов Рио-Бранко атындағы Дипломатиялық академияның тыңдармандары мен профессорлық-оқытушылық құрамының алдында сөз сөйледі. Бразилиялық жас дипломаттар қазіргі Қазақстан жайлы терең білімдерін көрсетіп, ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық реформаларымен, еліміздің тарихымен, көршілес мемлекеттермен қарым-қатынастарымызды, аймақтық бірлестіктегі рөлі, қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдылығы жайлы қызығушылықтарын білдірді.
Рио-Бранко атындағы Дипломатиялық академия БФР СІМ-нің құрамына кіріп, аймақтағы жетекші мамандандырылған оқу орны болып табылады. Бұл академияда Еуропа, Азия, Африкадан келген студенттер оқиды. Е.Ыдырысов бразилиялық әріптесі Луис Альберту Фигейредумен Рио-Бранко атындағы Дипломатиялық академиясы мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатиялық институты арасындағы серіктестікке келісіп, тиісті Меморандумға қол қойды.
Бразилия астанасына сапарының ресми бағдарламасы ҚР Дипломатиялық өкілдігінің салтанатты ашылу рәсімімен аяқталды. Аталған іс-шараға БФР Сыртқы істер министрі, Бразилия астанасының әкімі, бразилиялық қоғамдық-саяси және іскери топтардың негізін қалаушы өкілдер қатысты.
Рәсім барысында Е.Ыдырысов өзінің бразилиялық әріптесі Л.Фигейредумен екі елдің азаматтарына визалық талаптарды жою туралы Келісіміне қол қойды. Министрлер ішкі мемлекеттік шараларынан кейін және келісімнің күшіне енген сәтінен бастап екі ел азаматтары визалық рәсімдерсіз Қазақстан мен Бразилия елдеріне емін-еркін баруларына болатындығын атап өтті. Екі тарап Қазақстан мен бразилиялықтар осы бірегей мүмкіндіктерді іскер, мәдени және академиялық топтар арасындағы қарым-қатынас кеңейетіндіктеріне, сондай-ақ белсенді қолданатындықтарына, екі ел арасындағы серіктестіктерді ңығайтуға септігін тигізетіне ниеттерін білдірді. ҚР СІМ Қазақстан тарапынан ішкі мемелекеттік шараларын 2014 жылдың басында аяқтауды жоспарлап отыр.
Сан-Паулу қаласында қазақстандық министр Бразилиядағы "FIESP" өнеркәсіпшілердің ірі федерациясының қолдауымен "KAZNEX INVEST" экспорттық және инвестициялық жөніндегі Ұлттық агенттігмен ұйымдастырылған қазақстан-бразилиялық бизнес-форумға қатысты. Қазақстан мен Бразилияның іскери топтарында Кеден Одағының нарығы мен өзара ынтымақтастықты бірлесіп меңгеруге қызығушылықтары бар екендігі байқалды. Бразилиялық кәсіпкерлер Қазақстанда табысты бизнес құрудың барлық мүмкіндіктері мен жағдайлары туралы ақпараттандырылды. Бұл форум екі елдің кәсіпкерлеріне ынтымақтастықтың нақты бизнес-жобалары мен ой-пікірлерін ортаға салуға мүмкіндік берді.
Қазақстандық СІМ басшысының сапары жергілікті БАҚ-тарын да қызықтырды. Сапар барысында Е.Ыдырысов «Бразилия ТВ», «Сенат ТВ» сияқты танымал телеарналарға, сондай-ақ бірнеше бразилиялық газеттерге сұхбат берді. Журналистерді қызықтырған басты тақырып Қазақстанның халықаралық мәселелерге деген көзқарасы, ҚР-ның қарусыздандыру және қаруды таратпау және басқа да салалардағы халықаралық бастамалары болды.