ҚР Сыртқы істер министрі Германияға сапар жасады

None
None
МАГДЕБУРГ. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ – Қазақстан Республикасының ГФР-дағы Елшілігінен ҚазАқпаратқа хабарлағанындай, ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин 2009 жылғы мамырдың 7-сінде Германия Федеративтік Республикасына сапар жасады.
Сапар барысында ол Германияның вице-канцлері ? сыртқы істер федеральды-министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз өткізді. Сыртқы ведомство басшысы Қазақстан-Германия қатынастарының дамуына оң баға беріп, қарым-қатынас жасасудың барлық түрлері бойынша болашақтағы бірлескен іс-қимылдарды талқылады.Бұл кездесу Мемлекет басшысының Берлинде 2009 жылғы ақпанның 3-інде ашқан «Қазақстанның Германиядағы жылы» аясында өтіп отырғанын атап өткен жөн.Ф.-В.Штайнмайер журналистермен болған кездесуде Орталық Азия аймағының стратегиялық мәні және ондағы Қазақстанның маңызды рөлі туралы мәлімдеді.Сапар барысында М.Тәжин мен Ф.-В.Штайнмайер «Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы болашақ үшін әріптестік аясында іс-қимыл бағдарламасына» қол қойды. Тараптар саяси салада Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне байланысты ашылған мүмкіндікті тиімді пайдалана отырып сыртқы істер министрліктері басшылары деңгейінде саяси консультацияларды тұрақты өткізетін болады. Екі мемлекеттің іс жүзіндегі қадамдары «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қомақты үлес қосады.
Соңғы жаңалықтар
telegram