ҚР Сыртқы істер министрі мен Бразилияның Сыртқы байланыстар министрінің бірлескен мәлімдемесі қабылданды

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Бразилияның Сыртқы байланыстар министрі Луиса Альберто Фигейреду Мачадудың бірлескен мәлімдемесі қабылданды.
None
None

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

«ҚазАқпарат» құжаттың мәтінін жариялайды.




Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Бразилияның Сыртқы байланыстар министрі

Луиса Альберто Фигейреду Мачадудың

БІРЛЕСКЕН МӘЛІМДЕМЕСІ

1.Бразилияның Сыртқы байланыстар министрі, Жоғары мәртебелі Луиса Альберто Фигейреду Мачадудың шақыруы бойынша ҚР Сыртқы істер министрі, Жоғары мәртебелі Ерлан Ыдырысов 2013 жылы 2-3 қазанда сапармен Бразилияға барды. Олар Бразилиядағы кездесу барысында өзара мүдделік көрсеткен екіжақты, өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады.

2.Министр Фигейреду Латын Америкасындағы Қазақстан Республикасының алғашқы Елшілігі болып табылатын Бразилияда Қазақстан Елшілігінің ашылуына байланысты Бразилия Үкіметінің атынан алғыс білдірді. Олар Астана мен Бразилиядағы елшіліктер екіжақты қатынастарды нығайтуға айтарлықтай үлес қосатынына сенім білдірді.

Екіжақты күн тәртібі

3.Министрлер ірі аумақтары мен энергетикалық және минералды ресурстарға бай дамушы мемлекеттер болып табылатын Бразилия мен Қазақстан арасындағы ортақ құндылықтар мен мүдделерді атап өтті. Екі ел де әлеуметтік әділеттілік, демократия, бейбітшілік пен ынтымақтастық қағидаттарында экономикалық дамуға ұмтылуда.

4.Олар ауыл шаруашылығы, спорт, мәдениет, туризм және дипломатиялық академиялар арасындағы ынтымақтастық салаларындағы екіжақты қатынастарды жандандыруды қолдады. Министрлер энергетика мәселелері бойынша, атап айтқанда, жаңартылған энергия көздері саласында алдағы Бразилия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық үшін маңызды әлеуетті атап өтті.

5.Олар сондай-ақ, ғылым, технология және инновация, қоршаған ортаны қорғау, ғарыш, тау-кен өнеркәсібі және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы ынтымақтастықтың әлеуетін белгіледі. Министрлер екіжақты ынтымақтастық екі елдің түрлі салалардағы даму деңгейіне сай болуы үшін салалық сапарлармен алмасуды жандандыру қажеттілігін мойындады.

6.Министрлер екіжақты байланыстарды дамыту үшін, әсіресе 2014 жылы өтетін Футбол бойынша әлем чемпионаты мен 2016 жылы Бразилияда өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындары қарсаңында екі ел арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы зор әлеуетті атап өтіп, туризм мен спортты маңызды сала ретінде бөліп көрсетті.

7.Министрлер Бразилия мен Қазақстан арасындағы өзара түсіністік туралы келесі меморандумдар мен келісімдерге қол қоюды қолдады: Азаматтардың өзара сапарлары туралы келісім; Екіжақты саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық диалог құру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; Бразилияның Сыртқы байланыстар министрлігінің Рио-Бранко институты мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; Спорт саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.

8.Олар соңғы жылдардағы екіжақты сауданың маңызды және тұрақты өсімін ерекше атап өтті. Министрлер болашақта екіжақты сауда мен инвестицияларды арттыру және әртараптандыру үшін қолда бар зор әлеуетті белгіледі. Осыған орай, олар сауда мен инвестициялар ағымын кеңейту және әртараптандыру үшін жаңа бағыттарды іздестіруде бизнес топтарына көмек көрсетуге, сондай-ақ инновациялар және ғылыми зерттеулермен алмасуға келісті.

9.Министрлер Бразилияның Сауда мен инвестицияға жәрдемдесу жөніндегі агенттігі (APEX-Brazil) өкілдерінің 2012 жылы Қазақстанға сапарының нәтижесіне, сондай-ақ Бразилияның Сыртқы байланыстар министрінің сауда және экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөніндегі орынбасарының басшылығымен бизнес-делегацияның 2013 жылғы мамырда VI Астана экономикалық форумына жасаған сапарының нәтижесіне ризашылықтарын білдірді.

10. Министр Фигейреду жаңа бағыттарды және іскерлік аясында екі ел ынтымақтастығының келешегін анықтау үшін жақсы мүмкіндік ұсынатын 2013 жылы 3 қазанда Сан-Паулудағы бизнес-семинарға Министр Ыдырысовтың қатысу маңыздылығын атап көрсетті.

11.Министрлер екі елдің демократияны дамыту, адам құқығын сақтау, заң үстемділігі, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайту сияқты ортақ құндылықтарға негізделген халықаралық аренада Қазақстан мен Бразилия арасындағы өзара іс-қимылдың өсіп келе жатқан маңыздылығын атап өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының реформасы

12.Министрлер ХХІ ғасырда Ұйымның өкілеттігін, заңдылығын және тиімділігін кеңейту үшін Біріккен Ұлттар Ұйымын, атап айтқанда, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін реформалаудың маңыздылығын қайта растады. Қазақстан мен Бразилия БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін тұрақты және тұрақсыз мүше санатында кеңейтуді батыл қолдап, Қауіпсіздік кеңес реформасы бойынша күш-жігерді арттыру міндетін растады.

Таяу Шығыс

13.Сириядағы жалғасып жатқан зорлық пен гуманитарлық жағдайдың нашарлауы бойынша Министрлер өздерінің алаңдаушылықтарын білдірді. Біріккен Ұлттар Ұйымының қорытындысына сәйкес олар химиялық қарудың қолдануын ашық айыпталды. Ресей мен АҚШ-тың химиялық қаруды жою туралы шеңберлік келісімін қолдады. Сонымен қатар, олар Сирия Үкіметінің химиялық қаруға тыйым салу туралы Конвенциясына қосылу шешімін және қосылуға дейіңгі мерзімде Сирияның химиялық қарулардың бастапқы тізімін беруін қолдады.

14.Министрлер Палестина мен Израильдің тікелей келіссөздерді жаңарту туралы келісімін құптады және қабылданып жатқан бітімгерлік күш-жігерлерді қолдайтынын білдірді. Министрлер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі БҰҰ-ның Жарғысына Палестина мәселесі бойынша өзінің міндеттерін атқаруы қажет деп санайды. Сонымен бірге, Кеңес бейбіт үдеріске қолдау көрсетіп және оның толықтай жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі керек. Израиль-Палестина дауын шешу Таяу Шығыстағы тұрақты бейбітшілік орнатуда басты мәселе болып табылатынын атап өтті. Израильдің Үкіметінен палестинадан басып алған аумақтарға тұрғындарды қоныстандыру бағдарламасын тоқтатуды талап етті. Мұндай оқиғалар халықаралық құқықты бұзады және бейбітшілік үдерісіне кері әсер етеді.

Ядролық қару

15.Ядролық қарудың бар болуы адамзатқа және бейбітшілікке қауіп тудыратынын атай отырып, Қазақстан мен Бразилия ядролық қарусыз әлемге қолдау көрсететінін растады. Министрлер қазіргі таңада жүргізіліп жатқан Ядролық қаруды қолданбау шартының шолу үдерісі 2015 жылы аяқталатын болады, Шарттың VI бабына сәйкес Ядорлық қарусыздану саласындағы міндеттерді жүзеге асыруды тездетуге әкелуі тиіс деп келісті. Осыған орай, Бразилия Қазақстанның БҰҰ шеңберінде Ядролық қарусыз әлем жалпы декларациясын қабылдау бастамасын қолдады. Аталған іс-шара - Ядролық қару конвенциясын қабылдау жолындағы маңызды қадам.

16.Министрлер Таяу Шығыста ядролық қарудан және басқа да жаппай қырып-жою қаруынан азат аймақ жасау туралы 2012 жылғы Конференцияның кейінге қалдырылғанына өздерінің өкінішін білдірді және осы Конференцияның жиналысы қазіргі таңдағы ядролық қаруды қолданбау туралы Шарт үдерісін шолудың маңызды элементі болып табылатынын атап өтті. Бразилия Қазақстанның Ракета технологиясына бақылау режиміне қосылуына ұмтылуын қолдайды.

Киберқауіпсіздік

17.Министрлер шетелдік үкіметтер мен бизнестердің азаматтардың, кәсіпкерлер мен үкімет мүшелерінің хабарламаларын және деректерін заңсыз алуына өздерінің алаңдаушылығын білдірді. Олар мұндай тәжірибені айыпталды, өйткені ол ұлттық егемендік пен адам құқығына қауіп-қатер туғызады және мемлекеттер арасында достық қарым-қатынасқа үйлеспейді. Киберқауіпсіздік мәселелері бойынша тиісті халықаралық қағидаларды қабылдауды қамтамасыз ету үшін олар тиісті көпжақты формудардағы ынтымақтастыққа дайындығын растады.

Халықаралық экономикалық және қаржылық мәселелер

18.Министрлер қаржы дағдарысының дамушы елдердің экономикасына әсер ететін сын-қатерлер туралы пікір алмасты. Олар «Үлкен жиырмалықтың» 8-ші Саммитінің нәтижелерін қолдады және әлемдегі экономика мен қаржы жағдайының даму кезеңінде оның макроэкономикалық саясатты үйлестірудің негізгі мәселелеріне назар аудару қажет екенін атап өтті. Олар дағдарысқа қарсы стратегиялар мен экономикалық өсу және жұмыс орнын ашу мәселелерін байланыстырудың маңызды екенін айрықша бөліп көрсетті.

Қоршаған орта және орнықты даму

19.Министрлер 2012 жылы маусымда Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ орнықты даму жөніндегі (Рио+20) конференциясы қорытындысының маңызын, соның ішінде орнықты даму мақсаттарын қалыптастыру және орнықты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі форумдарды іске қосу бойынша үдерісті іске қосуды атап өтті. Олар Рио+20 конференциясының қорытындылары 2015 жылдан кейінгі кезеңде дамуға арналған күн тәртібін талқылауға арналған негіз болуы тиіс деген ортақ пікірде болды, онда орнықты даму мен қоршаған ортаны қорғауға арналған тұжырымдамалық шеңберді қамтуы тиіс.

20. Рио+20 конференциясының қатысушылары өңір арасындағы ерікті бастамалардың ашылуын да, соның ішінде Қазақстан ұсынған «Жасыл көпір» бағдарламасын қолдағандарын ескере отырып, Министрлер әлемнің тұрақты дамуына Бағдарламаның үлесін атап көрсетті.

21.Олар өз елдерінің жаңартылатын және баламалы энергия көздерінің үздіксіз дамуына, энергетикалық тиімді бағдарламаларды ілгерілетуге және энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға көмек көрсету ниеттерін қайта растады.

Соңғы жаңалықтар