ҚР Сыртқы істер министрі мен БҰҰ Бас хатшысы арнайы өкілінің кездесуінде Орталық Азиядағы жағдайлар талқыланды

ТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ Аймақтық орталығының басшысы Мирослав Енчаны қабылдады.

ҚР Сыртқы істер министрі мен БҰҰ Бас хатшысы арнайы өкілінің кездесуінде Орталық Азиядағы жағдайлар талқыланды

Кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген арнайы өкіл әңгімелесу барысында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланғанын атап өтті.

«Біз ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов мырзамен өте жемісті келіссөздер өткіздік, Орталық Азия өңіріндегі жағдайлардың дамуына қатысты бірқатар мәселелерді талқыладық», - деді ол.

М.Енчаның атап өтуінше, кездесу барысында Ауғанстан мен Қырғызстандағы ағымдағы жағдайды қоса алғанда Орталық Азия өңіріндегі қазіргі үрдістер, ұйымдасқан трансшекаралық қылмыстарға, лаңкестік және экстремизмге қарсы тұру, есірткі таралымымен күресті жетілдіру, су-энергетикалық мәселелерді шешу қарастырылған.

Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің Орталық Азия өңіріне қатысты шешімдерін жүзеге асыру мәселесін шешу және Астананың ИЫҰ Министрлер кеңесіндегі төрағалығының басымдықтарын жүзеге асыру жеке әңгімеге арқау болды.