Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қ.Сарыбай Киевте ТМД СІМК отырысына қатысты

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай Киевте ТМД-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты,

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қ.Сарыбай Киевте ТМД СІМК отырысына қатысты

деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Күн тәртібінде ТМД аясындағы ынтымақтастықты дамыту мен өзекті мәселелерді қамтитын сұрақтар қаралды. Отырысқа қатысушылар ТМД-ның 20 жылдығына байланысты ТМД-ға мүше елдердің Мемлекет басшылары Мәлімдемесінің жобасын келісті.

Отырыс аясында Қазақстан делегациясының басшысы өз әріптестерін Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне ресми кірісу салтанатындағы сөйлеген сөзімен таныстырып өтті.