ҚР Сыртқы істер министрлігінде Еуроодақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесу өтті

АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Еуроодақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Пьер Морельді қабылдады,

ҚР Сыртқы істер министрлігінде Еуроодақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесу өтті

 деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Тараптар «Орталық Азия - Қазақстан -Еуроодақ» қатынастарының жай-күйі мен перспективаларын, Испанияның Еуроодаққа төрағалық етуі кезеңіндегі Қазақстан-Еуроодақ саяси диалогтарының басымдықтары мен міндеттерін, «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының және Еуроодақтың Орталық Азиядағы стратегиясының іске асырылуын, энергетика және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы өзара іс-қимыл жасауды талқылады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға 2010 жылы төрағалық етуіне, Астана мен Брюссель арасындағы Ынтымақтастық кеңесінің 11-інші отырысындағы уағдаластықтың іске асырылуына айрықша көңіл бөлінді, сондай-ақ Қазақстан-Еуроодақ жаңа базалық келісімі жасалды.

Бірқатар халықаралық және аймақтық көкейкесті проблемалар бойынша пікір алмасылды.