ҚР Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығын тойлау шеңберiнде Вильнюсте Қазақ киносының күндері ашылды

ТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат. 11 қазанда Вильнюсте «Скальвия» кинотеатрында Қазақ киносының күндері ашылды,

ҚР Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығын тойлау шеңберiнде Вильнюсте Қазақ киносының күндері ашылды

деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігі.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан елшісі Ғалымжан Қойшыбаев кинофестиваль Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып, Литва Республикасы Президенті Даля Грибаускайтенің жақында өткен Қазақстанға мемлекеттік сапары шеңберінде елдеріміздің арасындағы білім, ғылым, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы қол жеткізген уағдаластықтарды қисынды жетілдіретінін атап өтті.

Литва Кинематография одағының президенті Г.Лукшастың пікірінше, дәстүрлі болып келетін казақстандық кинофестиваль Литва астанасының мәдениетінің өмірін байытты.

Фестиваль барысында көрермендерге Қуат Ахметовтың «Кімсіз, Ка мырза?», Канағат Мустафиннің «Серпін», Фархат Шариповтың «Алқызыл қоян туралы ертегі», Сәбит Құрманбековтың «Секер» және Сламбек Тәуекелдің «Жерұйық» фильмдері ұсынылады.

Вильнюс қаласындағы Қазақ киносының күндерін литва тарапынан Литва Кинематография одағы және қазақстандық тараптан Қазақстанның Балтық елдеріндегі Елшілігі мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Вильнюсте кинофестиваль 16 қазанға дейін өтеді.