ҚР Тәуелсіздік күні елордалық полиция қызметкерлері шаңғы жарысын ұйымдастырды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Тәуелсіздік күніне орай, елордалық полиция қызметкерлері шаңғы жарысын ұйымдастырды.

ҚР Тәуелсіздік күні елордалық полиция қызметкерлері шаңғы жарысын ұйымдастырды (ФОТО)

Сонымен қатар бұл шараға өз қамқорлықтарына алған 50-ден астам балалар үйінің тәрбиеленушілері де қатысып, ат үстінде және қар кешкіштерде серуендеді. Нағыз әскери тағамнан да ауыз тиді.

Елордалық ІІД басшысы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров, әріптестерін және келген балаларды Тәуелсіздік күнімен құттықтай келе, спорт тек әлемдік рекорд және жоғары жетістік үшін ғана емес, сонымен шығармашылық түрде қалыптасуға, жеке бастың өсуіне және денсаулықты нығайтуға бірден бір себеп екенін жеткізді.

Тәуелсіздік күніне арналған спорттық шарада тәртіп сақшылары 2.400 шақырым жолды шаңғымен жүріп өтті. Аталмыш іс-шараға қатысу үшін, қалалық саябақ базасының шаңғы-роллердік жер аумағында, басшылардың бастамасымен елордалық полиция гарнизонының 200 қызметкері жиналды. Оларды қолдауға отбасы мүшелері және қала тұрғындары келді. Шара соңында құқық қорғау қызметкерлері мен олардың отбасылары аспанға түрлі-түсті шарларды ұшырды.

Қалалық ішкі істер департаментінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мереке күндерін спорттық іс-шараларға жеке құрам және басшылардың қатысуымен атап өту жақсы дәстүрге айналған.

Айта кету керек, биылғы жыл Астана қаласының ІІД басшысымен бекітілген «Халық сенімі - полиция» атты ұранмен өтіп жатыр. Осыған орай мекемеде бірталай игі іс-шаралар өтті. Оның бірі балалар үйін қамқорлыққа алып, жасөспірімдерге қолдау көрсету болды.