ҚР Тұңғыш Президенті күні Ақтөбеде 600 орынға арналған заманауи мектеп ашылды

«Гүлдер» ауданының тұрғындары үшін 600 орынға арналған жаңа заманауи мектептің ашылуы үлкен мерекеге айналды. Әлеуметтік нысанның салтанатты ашылуына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.
Ол тұрғындарды мерекемен және көптен күткен мектептің ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ әкім Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында Ақтөбені шоғырландыра дамыту қажеттігін атап өткенін еске салды. «Жергілікті атқарушы органдар қаланың жоғарғы қарқынмен дамуы үшін барлығын жасауда, «Батыс-2», «Нұр Ақтөбе» сияқты жаңа шағынаудандар, басқа да елді мекендер салыну үстінде. Әлеуметтік нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Биылғы жылдың өзінде ғана 5 нысан тапсырылды. Заречный-4 және 12-ші шағынауданындағы тағы екі мектептің құрылысына кірісудеміз. Жақын күндері 600 орынға арналған осындай заманауи мектеп Оңтүстік-батыс-1 шағынауданында ашылады, Назарбаев Зияткерлік мектебі де есігін айқара ашады», - деп қосты әкім.