ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай ұйымдастырылған байқауда ақмолалық оқушылар жеңімпаз атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Астана қаласында ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай 7-8 сынып оқушылары арасында өткен «Менің тұңғыш Президентім» республикалық байқауында ақмолалық оқушылар жеңімпаз атанды.

ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай ұйымдастырылған байқауда ақмолалық оқушылар жеңімпаз атанды

Бұл туралы «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлады.

Байқауға еліміздің 6 облысынан барлығы 30 бала қатысты. Оның ішінде Ақмола облысының абыройын Есіл қаласындағы №2 балалар үйінің тәрбиеленушілері қорғады.

Аталған балалар үйінен барған 7 баланың ішінде «Нұрсұлтан Назарбаев туралы өлеңдер» және «Бейне тұсаукесер» аталымдары бойынша бақ сынаған 7 және 8 сынып оқушылары Ангелина Благодарова мен Роман Смирнов бірінші орыннан көрінсе, 7 сыныпта оқитын Любовь Носатенко мен Евгения Гайнутдинова «Бірінші Президент туралы әңгіме» және «Менің тұңғыш Президентім» аталымдары бойынша екінші орынға тұрақтады.