ҚР Туризм және спорт министрі Корея Республикасының дипломаттарымен және Мальдив Республикасының Сыртқы істер министрімен кездесті

АСТАНА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов кеше Корея Республикасының дипломаттарымен және Мальдив Республикасының Сыртқы істер министрімен кездесулер өткізді,

ҚР Туризм және  спорт министрі     Корея Республикасының дипломаттарымен   және   Мальдив Республикасының  Сыртқы  істер министрімен   кездесті
деп хабарлады ҚазАқпаратқа министрліктің баспасөз қызметінен. Кездесу барысында Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Ли Бён Хва мырза саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы қазақстан-корей қарым-қатынастарының жоғары деңгейін атап көрсетті. Сеул бүгінде біздің еліміздің ірі инвесторы және сауда серіктесі болып табылады. «Қазақстан табиғи ресурстарға бай, экономикалық әлеуеті мол, жоғары білікті кадрларға ие. Өз кезегінде, Кореяда - жоғары технологиялар мен капитал бар. Жетістіктерімізді біріктіре отырып, біз жоғары нәтижелерге қол жеткізе аламыз», деп мәлім етті Ли Бён Хва мырза. Ал Корея Республикасының Арнайы елшісі Ким Чжанг-Силь мырза өз кезегінде, спорт және туризм саласындағы қазақстан-корей қатынастарын дамытуға қосқан үлесі үшін министр Т. Досмұхамбетовке алғыс білдірді. Ким Чжанг-Силь мырза сондай-ақ, Корея Республикасы Президентінің атынан министр Досмұхамбетовтен, ағымдағы жылдың қазан айында Астанада өтетін 18-ші сессияда 2010-2013 жылдарға Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас хатшысын сайлау барысында Корея Туристік ұйымы Басқармасының президенті және төрағасы доктор Джи-Чул Оха мырзаның кандидатурасын қолдауды сұрады. «Менің сапарымның мақсаты - Қазақстанда Мальдив аралдарының туристік әлеуетін кеңінен таныстыру. Біз туризм саласындағы екі елдің тығыз және ұзақмерзімдік ынтымақтастығына сенеміз», деп мәлім етті Мальдив Республикасының Сыртқы істер министрі Ахмед Шахид Қазақстанның Туризм және спорт министрімен болған кездесуде. Т.Досмұхамбетов өз кезегінде, қазақстандық туристердің Мальдивте жиі болатынын атап өтті. «Тек арақашықтықтың алыстығы болмаса (тікелей рейс жоқ, ал ұшу сапары 6 сағаттан асады), Мальдив елі - тамаша демалыс орны», деп атап көрсетті министр өз сөзінде. Кездесу барысында екі ведомство басшылары Қазақстанның Мальдив экономикасына инвестиция салу мүмкіндіктерін, сондай-ақ туризм саласындағы екі елдің ынтымақтастық мәселелерін талқылады.