ҚР Үкімет басшысы Бішкекте Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің отырысына қатысады

АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - Осы аптада Премьер-Министр Серік Ахметов Қырғызстанға ресми сапармен барады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

ҚР Үкімет басшысы Бішкекте Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің отырысына қатысады
«1 қарашада ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Қырғызстан Республикасына ресми сапармен барады. Сапар барысында Қырғызстанның Премьер-Министрі Жантөре Сатыбалдиевпен екіжақты келіссөздер өткізу көзделген. Сонымен қатар Қазақстан - Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің жұмысы өтеді», - деді ресми өкіл. Аталған кеңестің қорытындысы бойынша екі ел арасындағы бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою көзделген.