ҚР Үкімет басшысы Францияның бұрынғы сыртқы істер министрімен кездесті

ТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Францияның бұрынғы сыртқы істер министрі Ролан Дюмамен кездесті, деп хабарланған pm.kz. сайтында.
None
None

Келіссөздер барысында Қазақстанның Еуропалық одақпен ынтымақтастығының негізгі мәселелері және Франциямен екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастар талқыланды. Сондай-ақ, К.Мәсімов және Р.Дюма республикадағы және ЕО елдеріндегі ағымдағы экономикалық жағдай бойынша пікір алмасты.

Р.Дюма Қазақстанға «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының сәтті аяқталуына арналған конференцияға қатысатын еуропалық сарапшылар делегациясының құрамында келді.

Соңғы жаңалықтар