ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметов Башқұртстан Президенті Рустэм Хамитовпен кездесті

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Башқұртстан Президенті Рустэм Хамитов дәріс оқыды.

ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметов Башқұртстан Президенті Рустэм Хамитовпен кездесті

«Башқұртстанда бес мыңға жуық қазақ тұрады, ал Қазақстанда 17-18 мыңға тарта башқұрт бар. Атап айтқанда біздің елде қазақтардың «Ақ бата» ұлттық мәдени орталығы жұмыс істеуде. Өз кезегінде Қазақстанда Дүниежүзілік башқұрттар құрылтайының құрамына кіретін ұлттық үш мәдени орталық бар», - деді Рустэм Хамитов.

Сонымен қатар ол Қазақстан ірі әріптестердің бірі болып табылатынын, тауар айналымының жалпы көлемі 1 млрд. АҚШ долларына жеткенін сөз етті. «Жалпы алғанда Қазақстан мен Ресейдің сауда көлемі 25 млрд. доллар, ал оның ішінде Башқұртстан үлесі 4 пайызды құрайды», - деп тоқталды Р. Хамитов.

Ол Қазақстанмен арада тауар айналымын арттыруға мүдделі екеніндіктерін айта келе: «Бүгін мен Қазақстанның Үкімет басшысымен кездестім. Онда біз бірлескен өндірістерді құру, өнеркәсіптік нысандарды арттырудағы іс-қимылдар жайын талқыладық. Бұл тұрғыда жұмыс тобын құру туралы уағдастыққа қол жеткіздік», - деп түйді Президент