ҚР Үкіметі азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына толықтыру енгізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметі «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын
None
None

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына толықтырулар енгізді. Бұл туралы ресми БАҚ хабарлады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2015 жылғы 25 сәуір № 326 Астана, Үкімет Үйі

«Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1.«Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 487-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларында:

5-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары және жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар осы қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшеріне, көздеріне және оны беру түрлеріне сәйкес мектепте бір мәрте тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері және түрлері: мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1. Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушыларын және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепте тамақтандыру нормалары әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшеріне, көздеріне, түрлеріне 15-қосымшаға сәйкес белгіленеді.»;

осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген мөлшерге 15-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ

Соңғы жаңалықтар