ҚР Үкіметі тиімділігі төмен кен орнын пайдаланушы компаниялар үшін салық бойынша жеңілдік ұсынбақ

АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ҚР Үкіметі тиімділігі төмен кен орнын пайдаланушы компаниялар үшін пайдалы қазбаларды өндірудегі салық бойынша жеңілдікті ұсынбақ. Бұл туралы бүгін Астанадағы «Бизнесті жүргізу-2011» атты конференция барысындағы брифингте Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев айтты.

ҚР Үкіметі тиімділігі төмен кен орнын пайдаланушы компаниялар үшін салық бойынша жеңілдік ұсынбақ

Тиімділі төмен кен орнын пайдаланушыларға заңнамалық тұрғыда жеңілдікті мүмкіндік ұсынылатынына тоқталған Е. Орынбаев, «Үкімет қаулысы жариялануға жақындады. Атап айтқанда, тәжірибе жүзінде шешімдер қабылданып, тиісті келісімдер жасау шаралары аяқталды. Менің ойымша, алдағы айдан бастап компаниялар өтінімдерін жасай алады», - деді.

Үкімет басшысы орынбасарының сөзіне қарағанда, пайдалы қазбаларды өндірудегі салық бойынша жеңілдік нөлдік немесе табыс тиімділігі жоқ мұнай және тау-кен компанияларына ұсынылмақ. Ал егер оларда 1 пайыз болса да тиімділік табысы өндірілсе, аталған компаниялар пайдалы қазбаларды өндірудегі салықты төлеуге мәжбүр болады.