Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Үкіметінде Еуропалық қайта құру және даму банкінің қатысуымен 2010-2014 жылдарға арналған жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасының жобаларын жүзеге асыру перспективалары қаралды

СТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Минстрі Кәрім Мәсімов Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Кавказ және Орта Азия елдері бойынша бас директоры Оливье Декамппен кездесті,

ҚР Үкіметінде Еуропалық қайта құру және даму банкінің қатысуымен  2010-2014 жылдарға арналған жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасының жобаларын жүзеге асыру перспективалары қаралды

деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ЕҚДБ-ның Қазақстанның идустрияландыру, әртараптандыру және инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігі мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Тараптар ЕҚДБ-ның 2010-2014 жылдарға арналған жеделдете индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына, орнықты энергетиканы дамыту шараларына, сондай-ақ Қазақстанның жеке кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасына қатысуының перспективаларын қарады.

Бұдан басқа, 2011 жылы Астана қаласында өтетін ЕҚДБ басқарушыларының жыл сайынғы 20-шы жиналысына әзірлік мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында К.Мәсімов пен О.Декамп Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ойдағыдай және жемісті ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді.