ҚР Үкіметінің басшысы мен Түркияның экономика министрі сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Түркияның экономика министрі
None
None

Нихат Зейбекчимен кездесті, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі. Әңгіме барысында Қазақстан-Түрік сауда-экономикалық ынтымақтастығының ауқымды мәселелері талқыланды.

Экономиканың басымдықты салаларындағы екіжақты өзара іс-қимылдың қырлары және іскерлік ынтымақтастықты кеңейту перспективалары қаралды.

Кәрім Мәсімовтің атап өткеніндей, «Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар жоғары деңгейде». Үкімет басшысы өзара сауда айналымын ұлғайту үшін екі елдің әлеуетін пайдалану қажеттігін атап көрсетті.

Өз кезегінде, Н.Зейбекчи де елдер арасындағы қатынастардың серпінді сипатын атап өтті және Қазақстан мен Түркия арасындағы іскерлік әріптестікті одан әрі тереңдету қажеттігіне назар аударды.

Соңғы жаңалықтар