ҚР Ұлттық банкінің Facebook және Twitter әлеуметтік желілерінде жеке парақшасы ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің Facebook және Twitter әлеуметтік желілерінде жеке парақшасы ашылды. Бұл туралы бүгін базалық мөлшерлеме бойынша өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.
None
None

«Бүгін ҚР Ұлттық банкінің Facebook және Twitter әлеуметтік желілерінде ресми аккаунты іске қосылды. Енді солар арқылы жаңалықтарымызды, қабылданған шешімдер мен өткізіліп жатқан шаралар туралы дер кезінде хабарлап отыратын боламыз», - деді Д. Ақышев.   

Сонымен қатар, оның айтуынша, енді жаңа ақпараттық саясат аясында Ұлттық банк тұрғындармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және қаржы нарығымен арадағы байланысты нығайта түсетіндігін жеткізді.

«Ұлттық банк барлық нысаналы аудиториямен арадағы коммуникацияны нығайтуға мүдделі және болашақта өзінің қызметі туралы ақпарат берудің жаңа түрлерін енгізетін болады», - деді ҚР Ұлттық банкінің басшысы.

Айта кетелік, бүгін ҚР ҰБ өзінің интернет-сайтында базалық мөлшерлеменің 15 пайыздан 13 пайызға дейін түскендігі туралы ақпарат жариялады.

Базалық мөлшерлеме туралы келесі шешім 2016 жылдың 15 тамызы күні кешкі сағат 17:00-де жарияланатын болады. 

Соңғы жаңалықтар