Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне 25 жыл» пошта маркалары шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті музейінде «Қазпошта» АҚ-ның «ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне 25 жыл» тақырыбындағы пошта маркалары таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне 25 жыл» пошта маркалары шықты

Пошта маркасы 4 бояулы офсетті тәсілмен басылған, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі - маркалы парақ. Парақтың өлшемі 140 х 120 мм. Марканың өлшемі 28 х 40 мм. Парақта 8 (сегіз) марка. Таралымы - 40 мың дана. Суретші - К. Плужникова. Белгіленген бағасы 200 теңге. Пошталық маркалар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.
null 

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы Данияр Абылғазин елімізде олимпиадалық қозғалыстың дамуына қолдау көрсеткені үшін «Қазпошта» АҚ алғысын білдіріп, қос ұйым арасында орнатылған ынтымақтастықты атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «Казпошта» АҚ ҚР Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп «Спорт» топтамасындағы «Рио-де-Жанейродағы XXXI-ші Олимпиадалық ойындар» тақырыбындағы маркаларды айналымға енгізді.

Шараға Жақсылық Үшкемпіров, Бақтияр Артаев, Гузель Манюрова сияқты танымал спортшылар қатысты.