ҚР және РФ Президенттерінің қатысуымен Павлодарда өтетін Форумда бірқатар үкіметаралық және аймақаралық келісімдерге қол қойылуы күтілуде

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 19 қыркүйек күні Павлодарда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен

ҚР және РФ Президенттерінің қатысуымен Павлодарда өтетін Форумда бірқатар үкіметаралық және аймақаралық келісімдерге қол қойылуы күтілуде

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының IX аймақаралық ынтымақтастық Форумы өтеді. Бұл турады ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Форум аясында «Қазақстан мен Ресей өнеркәсіп кооперациясы мен инновация салаларындағы аймақаралық бастамалар» атты Қазақстан мен Ресей аймақтарының халықаралық көрмесі, сондай-ақ өнеркәсіп кооперациясы мен инновация салаларындағы ҚР және РФ аймақтары арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланатын бизнес-форум өтеді.

Сондай-ақ, форум барысында бірқатар үкіметаралық және аймақаралық келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.

Кедендік статистика мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналым 2012 жылдың қаңтар-маусым аралығында 10 909,9 млрд. АҚШ долларын құрады (ҚР барлық сыртқы тауар айналымының 16,4%).